$ 488.11  530.09  5.01

Таразда 10 жасар бала ауыр қылмыстың куәгері болды

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Таразда полицейлер 10 жастағы баланың қырағылығының арқасында ауыр қылмысты әшкереледі. Бала оқиғаның куәгері болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау түскен. Әйел үйінің жанында белгісіз біреудің күйеуін пышақтап кеткенін хабарлады. Зардап шегуші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстың куәгері анықталды, ол сол маңда ойнап жүрген 10 жастағы бала болып шықты. Бала полицияға күдіктінің қандай киімде болғаны, оның бет-әлпеті және қайда қашқаны сынды маңызды ақпаратты айтып берді», - деді Ішкі істер министрлігі.

Тараз полиция басқармасының басшылығы балаға ауыр қылмысты ашуға көмектескені үшін алғыс хат табыс етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары