06.10.2024, 13:30

АЭС құрылысын халық қолдаса, оны кім салады? – Президент жауап берді

Фото: canva

Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергеннен соң журналистер оған сұрақ қойды. 

Тоқаев қазақстандықтардың көпшілігі референдумда “иә” деп жауап берсе, АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергеннен соң журналистер оған сұрақ қойды. 

"Бұл – оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі керек. Бірақ бұл мәселеге менің жеке көзқарасым – Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Ал қалғанын уақыт көрсетеді", – деді президент.