Балам иттік өліммен қаза тапты. Содан бері Талғар әкімі, прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімшесі бастығы ешқандай іс-әрекет жасамай отыр.
Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның видеосы Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланды. Видеода ер адам өзін марқұмның әкесі деп таныстырады. Онда ол сот ашық әрі әділ өтуін талап етеді.
«Мен қайтыс болған, марқұм балам Болат Шерзаттың әкесімін. Бас прокуратураға, тікелей Берік Ноғайұлына үндеу жасағым келеді. Балам иттік өліммен қаза тапты. Содан бері Талғар әкімі, прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімшесі бастығы ешқандай іс-әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр, баламның аты-жөнін де білмейді. Хәл-жағдайды сұрауға шамасы келмеді, түн жарымында бізді тергеуге шақырып, өзімізге арыз жаздырып отыр. Ашық сол болуын талап етемін. Әділ шешім болсын! Менің баламмен жасты балалар пышақталмасын, өлмесін деймін!», - деді қайғыдан қан жұтқан әке.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ұлымды көз алымда көкала қойдай етіп сабады»: Талғарда 16 жастағы оқушының өліміне қатысты тың деректер айтылды