Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.
Алматы облысының Полиция департаменті камераға түсіп қалған Талғардағы жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», - делінген ПД мәліметінде.
Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазба зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
«Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Бейненің бар екені туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі», - делінген хабарламада.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Ұлымды көз алымда көкала қойдай етіп сабады»: Талғарда 16 жастағы оқушының өліміне қатысты тың деректер айтылды
«Қылмысты бұрмалап отыр»: Талғарда көз жұмған оқушының әкесі видеоүндеу жолдады
Талғардағы 16 жасар оқушының өлімі: прокуратура мәлімдеме жасады