Өнер иесі мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команданың ойындары нәтижесіз екенін айтты.
Белгілі кинопродюсер, актер Нұрлан Қоянбаев ешқандай нәтиже көрсетпейтін, үнемі жеңіліс табатын спорт салаларына тоқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі мемлекет бюджетінен миллиардтап ақша алатын команданың ойындары нәтижесіз екенін айтты.
“Барыс” командасы неше жыл бюджеттен ақша алып келе жатыр?! Неге журналистер осыған мән бермейді? Команда ешқандай нәтиже көрсетпейді. Көрші елдің чемпионатында соңғы орында жүр. Еліміздің бюджетінен ең көп ақша алатын команда 1-10 болып ұтылып қалды. Айтыс пен көкпарға миллиард ақша бөлінсін. “Астана” велокомандасы да жыл сайын бюджеттен ақша алады. Құрамада бір қазақ жоқ, не нәтиже жоқ”, – деп ашынды кинопродюсер.