$ 487.37  532.94  5.09

Зеленский: Соғыс 2025 жылдан кешіктірілмей аяқталады

Келіссөздерге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттеден басқа, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми, қорғаныс министрі Джон Хили және қарулы күштер басшысы адмирал Тони Радакин де қатысты.

Фото: Reuters
Фото: Reuters

Украинадағы соғыс 2025 жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Хорватияда өткен саммитте мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, соғысты 2025 жылдан кешіктірмей аяқтау үшін шешуші шаралар қабылданбақ.

«Президент Байденнің әрекетін күтеміз, біз Ұлыбритания, Франция, Германия және Италияның соғысты тоқтатуға бағытталған қадамдарын күтеміз», – деді Зеленский.

Саммитте Киев пен Загреб арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Хорватия миналардан тазарту және жаралыларды сауықтыру үшін көмек көрсетуге, сондай-ақ Украинаның Еуропалық Одақ пен НАТО-ға қосылуын қолдауға уәде берді, деп жазды Stan.kz.

Содан кейін Зеленский Еуропа елдеріне сапары аясында Ұлыбритания және НАТО жетекшілерімен «жеңіс жоспарын» талқылау үшін кездесті.

Келіссөздерге Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттеден басқа, Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми, қорғаныс министрі Джон Хили және қарулы күштер басшысы адмирал Тони Радакин де қатысты.

Лондондағы келіссөздерден кейін Зеленский Францияға барып, президент Эммануэль Макронмен кездесті. Украина басшысы Италияға барар алдында Берлинде Германия канцлері Олаф Шольцпен «жеңіс жоспарын» талқыламақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары