14.10.2024, 18:00

Елімізде оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Фото: eKaraganda

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта. 

Мектеп оқушылары күзгі каникулда 10 күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірінші тоқсанда оқу уақыты – 8 апта.  Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында күзгі каникул 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылатынын бекіткен болатын.

Алайда биыл 25 қазан – Республика күні жұма күнге, ал 26 және 27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. 

Бұл күндерді ескерсек, мектеп оқушылары күзгі каникулда жалпы 10 күн демалады.