Оған мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды және Ұлытау облыстарының Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға жедел уәкіліне үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.