Марқұм 24 қабатты тұрғын үйден секіріп кеткен болуы мүмкін.
Бүгін, 18 қазан сағат 13:23 шамасында Астана қаласының Алматы ауданының Полиция басқармасына подъезд жанында бойжеткеннің мәйіті жатқаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Полиция оқиға орнына келгенде 22 жастағы марқұмның кім екенін анықтады. Бойжеткен 24 қабаттан секіріп кеткен болуы мүмкін. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.