Полиция департаменті полиция қызметкерінің кезекті еңбек демалысында болғанын айтады.
Орал қаласында қаскөй пышақ сілтеп, 43 жастағы полиция қызметкерін жарақаттады. Сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Сот оған қатысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", деп атап өтті аймақтық ПД.
Полиция департаменті полиция қызметкерінің кезекті еңбек демалысында болғанын айтады.
Бұған дейін Семейде 2024 жылы 18 қазанда Омбы – Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол апаты болғаны, соның салдарынан үш азамат, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Асхат Ахатовтың қаза тапқаны хабарланған.