$ 481.68  522.48  5

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған. Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылып үлгерген.

"Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы үш көлік зақымдалған, зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары