$ 488.45  529.19  5.04

«Қазақстанға жеткіземіз»: Денсаулық сақтау министрі Ербаян Мұхтардың жағдайын айтты

Қазір ол Түркияда оңалтудан өтіп жатыр. 

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтардың жағдайына байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді. Оны әскери қызмет кезінде басынан жарақат алғаннан кейін Ыстамбұлға емделуге жіберген еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің айтуынша, шамамен екі апта бұрын министрлік сарбаздың отбасымен байланысқа шыққан. Қазір ол Түркияда оңалтудан өтіп жатыр. 

Әлназарованың сөзінше, денсаулық сақтау министрлігі, қорғаныс министрлігі және ішкі істер министрлігі сарбазды елге жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Министр отбасы мүшелеріне алаңдамауды айтып, оны санитарлық авиация арқылы Қазақстанға жеткізетінін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен. Әскерилер туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары