$ 488.11  530.09  5.01

«Қазхром» карьерінде екі адам қаза тапты: Оқыс оқиғаны арнайы комиссия тексереді

Самосвал жүргізушісі  азамат С. шахта жұмысшысы азамат Ж.  тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатады

Фото: t.me/HromtauLIVE
Фото: t.me/HromtauLIVE

Апат салдарын тексеру үшін  Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті комиссия құрып, тексеру жүргізеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазхром" ТҰК" АҚ филиалы Донской тау-кен байыту комбинатының "Молодежная" шахтасының Мирный карьерінде апат 2024 жылдың 30 қазанында шамамен сағат 13:14-те болған. Самосвал жүргізушісі  азамат С. шахта жұмысшысы азамат Ж.  тиелген материалмен Мирный карьеріне бара жатады. Мирный карьеріндегі екінші бұрылыстан өтіп бара жатып, самосвал жүргізушісі рульге ие бола алмай, карьердің сол жақ шетіне шығып, соның салдарынан самосвал аударылып кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшылардың қайтыс болғанын анықтады.

Адам өліміне әкелген жазатайым оқиғаны тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын комиссия құруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары