$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде актриса театр директорын сотқа берді

Актриса қайта жұмысқа орналастырылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Өскемен қаласында актриса өзін жұмыстан заңсыз шығарып жіберген театр басшылығын сотқа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО драма және оперетта театрында 30 жылдан астам актриса болып жұмыс істеген әйел еңбек шартының заңға қайшы бұзылғанын айтып, сотқа арыз түсірген.

«Талапкер жұмыстан өз еркімен шықпағанын, театр басшылығының ұжымдық шарт талаптарын орындамағанын жеткізді. Белгілі болғандай, актрисаға репетиция уақыты айтылмай, спектакльдерде ойнайтын рөл мүлде берілмей келген», - делінген ақпаратта.

Сот жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарды анықтап, актрисаның жұмыстан шығарылуына оның басшылықпен кикілжиңі себеп болды деген қорытындыға келді. Актриса қайта жұмысқа орналастырылды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары