$ 495.95  524.37  4.98

Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды

Оның бұл қызметке тағайындалғанына бір ай да  болмаған.

Фото: instagram.com/01pk
Фото: instagram.com/01pk

Күні кеше қайырымдылыққа жинаған 1,5 млрд теңгені қара басына жұмсады деп күдікке ілінген Перизат Қайрат Пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Перизат Қайрат ұсталып, тергеу жүргізілуіне байланысты федерация президенті лауазымынан босатылды. Бұл шешім 14 қараша күні федерацияның кезектен тыс жиналысында қабылданды», - деді федерацияның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Перизат Қайрат президент лауазымына тағайындалғаннан бері жұмыс орнында бірде-бір ресми жиналыс өткізбегені белгілі болды.

Айта кетейік, Перизат Қайрат BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі ретінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін елден қомақты қаражат жинап, оның 1,5 млрд теңгесін өзі иемденіп алғаны айтылуда. Тергеу мәліметінше ол бірнеше қымбат пәтер мен үш көлік алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары