$ 495.95  524.37  4.98

Жамбыл облысында есірткіге қарсы бөлім бастығы марихуана сатқан

Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Жамбыл облысында есірткіге қарсы қылмыстарға қарсы күрес бөлімінің бастығы қызметтік көрсеткіштерді жасанды түрде арттыру мақсатында марихуана сатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың үкімімен полиция майоры М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол «майор» шеніен айырылды.

Тергеу деректері бойынша, сотталушы есірткі қылмыстарына қарсы күрес бөлімінің бастығы бола отырып, бұған дейін бірнеше рет сотталған Тараз тұрғыны Щ. есімді азаматпен танысқан.

Сотталушы жұмыс көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында, есірткі тасымалының жолын кесу бойынша жұмыстың нәтижесін жақсарту үшін 1080,03 грамм кептірілген марихуананы заңсыз сатып алып, оны Щ. арқылы үшінші тұлғаларға басқа өңірде сату және оларды ұстау үшін пайдаланған, – делінген сот мәлімдемесінде.

Сотталушының кінәсі қылмыстық істің материалдары мен дәлелдер арқылы толық расталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары