Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүріңіздер!
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев байланыс операторларының тариф бағасын көтеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сенат кулуарында журналистер министрге байланыс операторлары тарифті бағасын көтеріп жатқанын, алайда тариф тез бітіп қалатынын айтты.
«Сіздер үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін. Халықтың байланыс операторларына талап қойғаны да дұрыс. Біз, Үкімет ретінде талапты күшйтеміз. Секундына мГбт көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізуді көздеп отырмыз», - деді Жаслан Мадиев.
Министр заң бойынша тариф бағасын шектей алмайтынын атап өтті.
«Ұялы байланыс операторлары базалық станция, қондырғыларға қомақты қаржы құяды. Тарифтің өсуі нарықтағы жағдайға байланысты», - деді ол.