$ 498.51  522.84  4.81

Майқайыңдағы балаларды зорлау дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады

Майқайыңда екі ер адам 13 және 15 жастағы екі баланы зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабар тарады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар полициясы кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полиция кәмелетке толмағандарды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері дерегі бойынша тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Облыстық білім беру басқармасының дерегінше, қыз бала жергілікті колледждердің бірінде оқиды.

Айта кетейік, Майқайыңда екі ер адам 13 және 15 жастағы екі баланы зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабар тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары