$ 498.34  519.72  4.85

Павлодарда жетім қызды зорлаған ер адам өзін атып өлтірді

Педофилдік әрекетті біраз жыл бұрын оны қамқоршылыққа алған ер адам жасаған. 

Фото: Жетісу облысы ПД
Фото: Жетісу облысы ПД

Павлодардағы Железин ауданында ер адамның жетім қызды зорлағаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұған дейін қыз баланың қамқоршысы болған.

Железин ауданындағы балалар үйінің 16 жасар тәрбиеленушісін гинекологиялық тексеру барысында бұрын оның ер адаммен жыныстық қатынаста болғаны анықталған. Педофилдік әрекет біраз жыл бұрын, оны қамқоршылыққа алған ер адаммен жасалған.

«Кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Алайда күдікті жәбірленушінің аталған дерек бойынша полицияға жүгінгенін біліп, өз-өзіне қол жұмсады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары