$ 498.51  522.84  4.81

«Ақша жейтін мүмкіндік болса, оны жейді»: Дос Көшім Алмасбек Садырбай мен Перизат Қайраттың мәселесі туралы (ВИДЕО)

Дос Көшімнің айтуынша, қайырымдылық қорларын реттеуде екі бағыт болуы керек. Ақша аударатындар ол қайырымдылық қоры кімдікі екенін, қандай жүйе бойынша жұмыс істейтінін анықтап алулары қажет. Екіншіден, мемлекет ондай қорларды бақылауға алып, тексеру жұмыстарын күшейту керек.

Соңғы кездері елде аса ірі көлемде жемқорлық жасап, ақша жымқырғандардың әрекеттері әшкереленіп жатыр. Qasqa Jol арнасының бүгінгі шығарылымында белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері, бірнеше кітаптың авторы Дос Көшім есімдері ел ауызында жүрген Алмасбек Садырбай мен Перизат Қайраттың мәселесіне мәселесіне қатысты ойын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дос Көшім мен Алмасбек Садырбай ("Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы) жер комиссиясында бірге жұмыс атқарған. Қоғам қайраткері өз сөзінде Алмасбек Садырбайға деген көзқарасын ашық айтып, оның жоғарыдағылардың қысымына түскенін айтты.

«Мен өз басым, ол жемқорлыққа барды дегенге сенгім келмейді. Оның айтып жатқан әңгімесі, бізге беріп жатқан ақпараты өте ұстамды, нақты, талдауы жақсы, бәрін дәлелді жақсы жеткізе біледі халыққа. Мен агробағыттағы көптеген мәселені түсіндім. Сондықтан айтқандарын тыңдаймын, біраз нәрсе қабылдаймын. Мұның астарында саяси демей-ақ қояйық, жоғарыдағы жемқорлардың Алмасбекке жасап жатқан қысастығы деп ойлаймын», - деді саясаткер.

Ал, BizBirgemiz қорының басшысы, қайырымдылықпен айналысқан Перизат Қайраттың мәселесінде елде қайырымдылықпен айналысуға, қаражат жинауда жүйе жоқ екенін айтты.

«Ондай адамдардың болуы мүмкін, оны жоққа шығармаймын. Алаяқ деген айыптаулар артық шығар, бірақ, ұйымдық деңгейде көмекке жиналатын ақшада жүйе жоқ сияқты. Әрине егер қор басшысы ретінде Перизат Қайрат ақшаны өз қолында ұстайтын болса, әрине, «алтын көрсе періште де, Перизат та жолдан таяды» дейтін едік. 

Екіншіден, кез-келген ұйымда жалғыз адам істемейді ғой, жанында адамдар болады. Міндетті түрде тексеру комиссиясы болады. 3-4 адам оны бақылап отырады. Мұның бәрі классикалық тұрғыдағы ұйымның жұмысының жүйесі. Ондай ұйым болмаса, онда адамдар ақша бермеу керек. Ақшаны жейтін мүмкіндік болса, оны жейді», - деді ол.

Қорытындылай келе, Дос Көшімнің айтуынша, қайырымдылық қорларын реттеуде екі бағыт болуы керек. Ақша аударатындар ол қайырымдылық қоры кімдікі екенін, қандай жүйе бойынша жұмыс істейтінін анықтап алулары қажет. Екіншіден, мемлекет ондай қорларды бақылауға алып, тексеру жұмыстарын күшейту керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары