Сол балабақшаға кіргеннен бастап, қалай дәрет алу керек, Алла деген сөздері жазған, әке-шешені Алладан кейін құрметтеу керегі жайлы суреттер іліп қойған.
Әлеуметтік желіде «Бақытты бала IQ» балабақшасының негізін қалаушысы Айсұлу Жақсыбектің балабақшада діни білім беруге қатысты видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спикер өзі аралаған әр мемлекеттің балабақшасын арнайы барып, өзгешелік пен ерекшеліктерге назар аударатындынын айтты.
«Мальдив аралында 3 жасар балалар құран оқи алады. Мен қандай мемлекетте болсам да, балабақшаларын көруге тырысамын. Мальдив аралына демалуға барғанымда, балабақшаға бардым. Басытығымен танысып, сіздің әріптесіңізбін, Қазақстаннанмын деп айттым. Балабақшаны аралап, кіріп көрсетті. Қазір сабақ басталады, күте тұрыңыз деді. Сонда 3 жасар балалар келді, құранды ашып оқи бастады. Мен сол кезде жылап жібердім. Дауыстары өте ерекше болды. Сол балабақшаға кіргеннен бастап, қалай дәрет алу керек, Алла деген сөздері жазған, әке-шешені Алладан кейін құрметтеу керегі жайлы суреттер іліп қойған. Бірнеше мемлекеттің ішінде сол Мальдив аралында балабақша маған қатты әсер етті. Өйткені, маған басқаша әсер, сезім берді, деп айтты», - деді ол.