$ 513  541.16  4.69

«Тұншықтыруға тырысқан»: Астанада ер адам жасөспірімді лифттен шығармай қойған (ВИДЕО)

Бұл туралы ұл баланың анасы хабарлады. 

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астана қаласында ер адам 15 жастағы ұлды лифттен шығармай қойған. Әлеуметтік желіде тиісті видео пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Zhaloby.astana мәліметінше, оқиға 28 қараша күні Қ.Сәтбаев көшесі, 31-де сағат түнгі 22:10-да болған.

"Бұл ер адам ішімдікке тойып алған сияқты. Ол 15 жасар ұлыма оны өлтіремін деп қорқытып, балағат сөздер айтқан. Кейін баламды тұншықтыруға тырысқан және лифттен шығармай қойған. Баламның қолын бұраған. Полицейлерге де қарсылық көрсетіп, менің жұбайымды қорлады", - деп жазады қала тұрғыны.

Жасөспірімнің анасы ер адам ұсталғанын және 10 тәулікке қамауға алынғанын хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары