Ұшақ құлаған аумақта қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?
Кеше Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырап, кейін қара жәшік табылған еді. Бүгін тағы бір қара жәшік табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
– Борттан екі қара жәшік табылды. Әуе оқиғаларын тергеу басқармасына тапсырылып, кейін олар қаралады, – деді Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, көлік прокуроры ұшақ құлаған жерде жүргізілген жұмыстар туралы айтты.
– Зардап шеккендерден және жердегі қызмет қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ, барлық куәгерді анықтап жатырмыз. Диспетчерлер мен экипаж арасындағы радиостанция бойынша келіссөздер жазбасы алынды. Оқиға орнын тексеруді аяқтау сатысында 4 мың шаршы метрден астам аумақты полиция күшімен күзету қамтамасыз етілді, – деп толықтырды спикер.