$ 529.7  545.96  5.17

Ақтауда жүргізуші ойын алаңында бүлдіршінді қағып кетті (ВИДЕО)

Қазір ол балалар ауруханасына жеткізілді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтауда көлік балалар ойын алаңында жүрген жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 29-шағын ауданда 22-үйдің маңында болған. Hyundai Accent көлігі Mercedes-пен соқтығысқан. Инерциямен ол ойын алаңына соққан. Ал сол мезетте ойын алаңында бала отырды.

Қазір ол балалар ауруханасына жеткізілді.

"Осы факті бойынша Mercedes көлігінің жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Басқа мәліметтер мүдде үшін жария етілмейді. Тергеу басталды", – деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары