$ 530.12  546.08  5.17

«Құдай сазайыңды берсін!»: Блогер билік басындағыларға үндеу жолдады (ВИДЕО)

Дөкейдің ұлы басшылық ететін зауыттан шыққан қою түтін қалаға жиі жайылып кетеді. Обалымыз басшысына!

Фото: видеодан алынған
Фото: видеодан алынған

Желі жұлдызына айналған танымал блогер әрі журналист Мөлдір Анарбаева халыққа алаңдап, дабыл қақты. Ол тіпті, билік басындағы шенділерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тараздағы алып өндіріс «Қазфосфат» зауыты жұртты улағаны үшін ештеңе төлемейді.

Дөкейдің ұлы басшылық ететін зауыттан шыққан қою түтін қалаға жиі жайылып кетеді.

Ауаға тарайтын күкірт сутегінің мөлшері шамадан тыс будақтап тұрады. Бір жолы жұрт шулаған, оған зауыт өкілдері олқылық қалпына келтірілді, керек болса, түтіннің адам ағзасына еш зияны жоқ деп ақталған.

«Күкірт оксидтері бар. Бірақ оның өз мөлшері болады ғой. Қаланың маңында өзінің мөлшерінен асып кеткен жағдайы болған жоқ. Құбырларды да зерттедік. Ол тек қана біздің лаборотория емес, экология департаментінің лабороториясымен қосылып зерттеледі» деп қойып улай береді.

Обалымыз басшысына! Күн бұлтта, тұманда түнімен будақтататындарыңды көріп жүрміз. Құдай сазайларыңды берсін! Ұлттың жауысыңдар! Ал Алматының кептелістегі түтіні өз алдына бір бөлек концерт», — деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары