Өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Бүгін Алматыда Байтұрсынов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында троллейбус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жас жігіт қаза тапты Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 13 қаңтар сағат 17:50-де Бостандық ауданында болған.
«11-ші троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған жас жігітті қағып кеткен. Өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қымыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.