Антикоррупция қызметінің төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл мәселе бойынша барлық жедел-іздестіру әрекеттері заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Елімізде парақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында жаңа заң жобасы әзірленіп, талқылануда. Бұл құжат пара алу үшін келісім жасау, пара сұрау немесе талап ету, сондай-ақ пара ұсыну немесе уәде ету қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәжілісте заң жобасын талқылау барысында депутат Николай Арсютин мұндай тәсілдің дұрыстығын атап өтті. Бірақ пара алуға ниет бар екенін нақты қалай дәлелдеуге болатынына қатысты күмәнін білдірді, деп жазады «Мың теңге» телеграм арнасы.
Антикоррупция қызметінің төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, бұл мәселе бойынша барлық жедел-іздестіру әрекеттері заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
«Жауапкершілікті енгізудің басты мақсаты – алдын алу шараларына бағытталған. Мұнда жаппай жауапкершілікке тарту көзделмеген. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, онда мұндай жағдайлар өте сирек орын алады және көбінесе профилактикалық сипатта болады. Бұл мәселеде прокуратура мен сот органдарының қадағалауы өте маңызды», – деді Ұлан Сарқұлов.