$ 527.58  546.15  5.29

Алматыда оқушы өзіне қол салды

Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда жасөпірім өз үйінің жанында асылып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

"Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен жылы Алматыда көпқабатты үйден секіріп кеткен оқушы қыздар мерт болғанын жазғанбыз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары