$ 510.49  527.29  5.27

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды: жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен

6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жол апаты болып, жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

6 ақпанда сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. Mercedes-Benz жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша - жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен.

"Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметі жеткен, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары