$ 503.61  524.96  5.58

Қоңыз табылды: Ақтөбеде балаларға құрттап кеткен ботқа берген

Бас аспаз бен мейірбике жұмысынан қуылған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ақтөбе облысында бүлдіршіндерге құрттап кеткен ботқа берілген балабақшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Айыппұл салынғанмен, оны кімнің өтері белгісіз. Себебі, басшысы, бас аспаз бен мейірбике жұмысынан қуылған.

Қандыағаш қаласындағы «Самал» балабақшасын санитар мамандар тексерген. Алдымен құрт қаптаған ботқаны көрген тәрбиешілер дабыл қаққан. Таңғы асқа берген тағамда құрт пен қоңыздың өріп жүргеніне аспаздар да, мейірбикесі де назар аудармапты. Бастысы, балалар ауыз тиіп үлгермеген.

Бір қап жарманы сараптамаға жіберіп, ол жерде сұлы ботқасында жүрген ұсақ қоңыз екені расталды. Қапта қалған 19 келі сұлыны сол бойы отқа жағып, балабақшаға 450 мың теңгедей айыппұл салынды.

Жұмыстан қуылған басшылардан бөлек, қойма меңгерушісі мен аспаз көмекшілері қатаң сөгіс алды.

«Тамақ өнімдерін сақтау кезінде температура, ылғал режимі бұзылған. Сонымен қатар қоймаларында салыстырмалы ылғалды бақылау аспаптарымен жабдықталмаған. Тексерген кезде жарма сақталатын қоймадан жәндіктер табылды. Тәулік сынамасында сұлы ботқасынан қалған сынамада қоңыздар анықталды», - дейді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы Лаура Ршауова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары