$ 503.61  524.96  5.58

«Асықпаңыз»: Ішкі істер министрлігі Меккеге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады

Министрліктің мәліметіне сенсек, қасиетті сапарды ұйымдастыруда сенімді компанияны таңдау маңызды. 

Фото: tripadvisor.ru
Фото: tripadvisor.ru

Ішкі істер министрлігі Мекке мен Мединаға, сол сияқты әлемнің басқа да елдеріне саяхаттар кезде алаяқ компаниялардан сақ болу керек екенін айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Министрліктің мәліметіне сенсек, қасиетті сапарды ұйымдастыруда сенімді компанияны таңдау маңызды. 

"Фирманың лицензиясын және ол туралы пікірлерді тексеріңіз. Мұндай сапарларды ұйымдастырумен айналысатын ресми туристік фирмалардың мемлекеттік лицензиясы болуы керек. Клиенттердің пікірлерін зерттеңіз. Туроператорлар әр туристке туркод ұсынуы тиіс. Тым төмен бағаға қызығып, алданып қалмаңыз. Егер сізді төмен бағамен қызықтырса, асықпаңыз, мұндай ұсыныстар көбінесе алаяқтықпен байланысты болуы мүмкін. Түрлі турфирмалардың бағаларын салыстырып, олардың нарықтық бағаға сәйкестігін анықтап алғаныңыз жөн", –делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Алаяқтардың айласына түсіп, ақшадан айырылып қалмас үшін сақтық келесідей шараларын ұстану қажет: 

  • Құжаттар мен келісімшартты тексеріңіз. Барлық келісімшартты мұқият оқып шығыңыз. Әрбір тармаққа жіті назар аударыңыз, бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Егер сізге бір нәрсе түсініксіз болса, маманмен кеңесуді ұмытпаңыз.
  • Байланыс деректеріне назар аударыңыз. Сенімді турфирманың әрқашан байланыс телефоны, электронды поштасы және нақты мекенжайы болады. Алаяқтар көбінесе байланыс деректерін көрсетпей, виртуалды парақшалардың артында жасырынуы мүмкін.
  • Тур бағдарламасын мұқият зерделеңіз. Турдың құнына не кіретінін анықтаңыз (ұшу, тұрғын үй, көлік, тамақтану, медициналық сақтандыру және басқа қызметтер).
  • Барлық қажетті шығынның ескерілгеніне және кездейсоқ төлемдердің болмайтынына көз жеткізіңіз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары