$ 502.47  525.83  5.68

«Қымыз іштім»: Ақтөбеде мас күйінде көлік айдаған шенеунік қамауға алынды

Алайда жеңіл дәрежеде мас болғаны медициналық сараптама кезінде анықталды.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаев мас күйінде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әйтеке би аудандық сотында ауыл шаруашылығы жер қатынастары бөлімінің басшысы Ақылбек Исатаевқа қатысты іс қаралды. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, А.Исатаев 14 ақпан күні сағат 01:22-де Әйтеке би ауданы Т. Жүргенов ауылында көлікті мас күйінде айдаған. Бөлім басшысы сот отырысы кезінде көлік айдағанын, алайда мас болмағанын, тек 1-1,5 литр қымыз ішкенін айтты. Алайда жеңіл дәрежеде мас болғаны медициналық сараптама кезінде анықталды.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйнсек, прокурор А. Исатаевты кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды сұрады. Сот қаулысымен Ақылбек Исатаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен бірге 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 12
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары