28.02.2025, 13:00

Енді министр емес: Президент Қанат Шарлапаевты жаңа қызметке тағайындады

Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев жаңа қызметке келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.