Астанада шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 сәуірде Астанада және тағы 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Түнде облыстың батысында үсік 2 градус.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с.
Маңғыстау облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ұлытау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Астанада шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с.