18.04.2025, 08:30

Жаңбыр, қар, көктайғақ, үсік: Бүгін бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Фото: Pixabay

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Павлодар облысының солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

Қарағанды облысында түнде облыстың шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының таулы аудандарда түнде туман, облыстың шағысында, тауылы аудандарда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.