$ 521.9  593.5  6.39

Қар мен жаңбыр: Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жел, найзағай, жаңбыр күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында түнде 1-3 градус үсік.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары