$ 515.03  584.82  6.24

Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ертең, 28 сәуірде Қазгидромет Шымкентте, Астанада және 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Түркістан облысының тауында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында жоғарғы өрт қауіпі күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары