08.05.2025, 12:20

Астанада «Шапағат» сауда орталығы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Фото: Бейнежазбадан

Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.

Астанадағы «Шапағат» сауда орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына күшейтілген құрам мен техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда.

ТЖМ құтқарушылары эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ.