Оның сөзінше, квазимемлекеттік сектор қызметінде бюджетке тәуелді болу, айтарлықтай борыштық міндеттемелер сияқты проблемалар үнемі болады.
Мәжіліс депутаты Дания Еспаева қаржыны игере алмай отырған министрліктерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның сөзінше, квазимемлекеттік сектор қызметінде бюджетке тәуелді болу, айтарлықтай борыштық міндеттемелер сияқты проблемалар үнемі болады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 92 млрд теңге игерілмеген. Биыл Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Көлік министрліктерінде игерілмеген қаржы көлемі жоғары болды, олардың әрқайсысы 20 млрд теңгеден артық игермеген, - деді Еспаева.
Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сәйкес, 2024 жылы шығыстар құрылымында халықты әлеуметтік қолдауға, мемлекеттік қарызға қызмет көрсету мен өңірлерге қаржылық көмек беруге шығыстар көбірек жұмсалған.