Ол Бейсен Құранбек әр кеш сайын «жүрегін тазартатын» дейді.
Марқұм Бейсен Құранбектің жары Гүлмира Зербай журналистің өмір салты қандай болғанын және көпшілік біле бермейтін әдеттері туралы естелік айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Әр хабар - маман үшін стресс. Түсірілімдерден шаршап, қуаты сарқылып келеді. Үйге кіргенде сөйлеуге шамасы болмай, «мен ұйықтаймын» дейді. Бір күн бойы ұйқысын қандырып алады, содан кейін келесі хабарға дайындық жүргізеді. Медитация жасайды. Ол кісі әскер қатарында жүргенде каратэмен айналысқан, кейін ұзақ жылдар бойы айкидо өнерімен шұғылданды. Айкидо - интеллектуалдарға арналған жекпе-жек түрі. Бұл - жай ғана қол-аяқ сермеу емес, тұтас бір философия. Бейсекең өмір салтын айкидоға бейімдеп ұстады», - дейді ол.
Ол Бейсен Құранбек әр кеш сайын «жүрегін тазартатын» дейді.
«Ұйқыдан тұрған кезде, әрбір күнге дайындық ретінде 30 минут медитация жасайтын. Басында түсінбейтінмін: «Неге таңертең және ұйықтар алдында отырасыз?» - деп сұрайтынмын. Сонда ол: «Әр таңда оянып, Құдайдан сұраймын - маған осы күнді жақсы өткізуге күш-қуат бер деп», - дейтін. Ал ұйықтар алдында: «Егер біреуді ренжітсем, қателік жасасам - кешірім сұраймын, жүрегімді тазартып жатамын», - деп түсіндіретін», - деді Гүлмира Зербай.
Айта кетсек, Бейсен Құранбектің жары журналист Дана Нұржігіттің YouTube-тегі бағдарламасына қонақ болды.