$ 509.26  574.75  6.46

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі болды

Министрліктің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:35-те болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

25 мамыр күні таңғы уақытта Шығыс Қазақстан облысының кей өңірінде 2 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 07:35-те болған.

  • Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматыдан 1162 км солтүстік-шығыста, Ресей аумағындаорналасқан.
  • Зілзаланың есептік күші – 2 балл.

Сейсмикалық дүмпулер келесі елдімекендерде сезілген:

  • Өскемен қаласында – 2 балл
  • Катонқарағай ауылында – 2 балл

«Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы мәлімет жоқ», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары