27.05.2025, 16:00

Бес ұл мен бес қыз: Қызылордада 40 жастағы әйел 10-шы баласын дүниеге әкелді

Фото: facebook.com/opc.kyzylorda

Қазір Ажаркүл отбасында бес ұл мен бес қыз бар.

Қызылорданың 40 жастағы тұрғыны Ажаркүл Төлегенова оныншы баласын дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көп балалы ана туралы облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметінен хабарлады. Ажаркүлдің тұңғышы 16 жаста. Ол колледжде оқиды. Тағы төрт қызы мен бір ұлы-мектеп оқушылары. Қалғандары-мектеп жасына дейінгі балалар.

Қазір Ажаркүл отбасында бес ұл мен бес қыз бар.

Әйел дәрігерлерге алғыс айтып, ана болу үлкен қуаныш пен үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.