$ 510.19  582.79  6.46

Жамбыл облысында ер адам асырап алған баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр. 

Фото: pexel
Фото: pexel

Жамбыл облысының Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Себебі бүлдіршін өлер алдында аяусыз соққыға жығылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы төрт асырап алған баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу олардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр. 

Күдікті қамауға алынды. Бірақ уәкілетті органдар ресми түсініктеме беруден бас тартқан. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары