19.06.2025, 12:20

«Табыс сомасы 162 млн теңге»: Абай Бегейдің қызы заңсыз лоторея ойнатты деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова заңсыз лоторея ойнатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандарының арасында ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті.

“Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған”, –делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.