Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды.
Ертең, 2025 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы арнасында жазды.
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады", делінген жазбада.
Бұған дейін, 2025 жылы 20 маусымда Мемлекет басшысының сот актілерін мәжбүрлеп орындау бойынша ақпарат алмасу туралы келісімді мақұлдағаны хабарланған.