$ 519.26  602.13  6.62

Атырау аумағынан белгісіз аппараттың бөлшегі табылды

Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты тексеру басталған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Облыстың Ресеймен шекаралас жатқан Құрманғазы ауданында ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсас нысанның бөлшегі табылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Телеграм арналары мен БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, көрші елмен шекарадағы Қоңыртерек ауылының маңынан белгісіз заттың бөлшегі табылған.

Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу департаментінің мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты тексеру басталған. 

"Атырау облыстық полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірге ұшқышсыз ұшатын аппараттың ұқсас заттың бөлшегі табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан далалық аумақта табылды. Зардап шеккен жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады", - деп хабарлады министрліктің әскери-тергеу департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #дрон