$ 519.51  611.83  6.6

Ақтауда әйелді баласымен бірге көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Оқиға 17:01 шамасында Saya Park сауда орталығының жанында орын алған. Ж

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақтауда 9 және 10-шағынаудандардың арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Куәгерлердің мәліметінше, көлік баласымен жүрген әйелді қағып өткен. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға 17:01 шамасында Saya Park сауда орталығының жанында орын алған. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Қалалық Instagram парақшаларда жарияланған деректерге сүйенсек, көлікті әйел адам басқарған. Жол апатынан кейін ол зардап шеккен анаға алғашқы көмек көрсетіп, өз көлігімен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізуге уәде берген.

Алайда оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылмағаны белгілі болды. Бұл жағдай куә болған тұрғындардың наразылығын тудырды.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары