09.07.2025, 19:20

Қосшыда 8 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

Фото: желіден алынды

Аталған жағдай бойынша қазір себептері анықталып жатыр. 

Астана қаласы маңындағы Қосшы қаласында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

8 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлап кетті. 

Жедел жәрдем оқиға орнына келіп жеткенімен, бала ауыр жарақаттары салдарынан көз жұмған. 

Аталған жағдай бойынша қазір себептері анықталып жатыр.