Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, мән-жайы анықталуда.
Қостанай – Әулиекөл автожолында, Новонежинка мен Айсары елді мекендерінің арасында ВАЗ-2110 жеңіл көлігі мен Shacman жүк көлігі соқтығысып, екі көлік те өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға салдарынан жеңіл көліктегі үш адам – жүргізуші, бір ересек жолаушы және 2023 жылы туған сәби оқиға орнында көз жұмды.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жеңіл көліктің қарсы жолаққа шығып кетуі себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, мән-жайы анықталуда.