$ 525.87  614.37  6.72

TikTok-ты өшірмегені үшін: әкесі 16 жастағы қызын атып өлтірді

Полицияның айтуынша, әкесі 16 жасар қызына TikTok-ты өшіруді бұйырған.

Фото: ixbt.com
Фото: ixbt.com

Пәкістан полициясы 11 шілдеде ер адамның өз қызын TikTok-тағы парақшасын өшірмегені үшін атып өлтіргенін мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы аrabnews.com порталына сілтеме жасап.

Полицияның айтуынша, әкесі 16 жасар қызына TikTok-ты өшіруді бұйырған. Қыз көнбеген соң, ол ашуға мініп, оған оқ атқан. Жасөспірім сол жерде көз жұмған. Кейін әкесі ұсталып, қамауға алынды. Алғашында отбасы бұл жағдайды "өзіне қол жұмсады" деп көрсетуге тырысқан.

Айта кетейік, TikTok әлеуметтік желісі Пәкістанда өте танымал. Әсіресе оқу-жазуы қиын адамдар үшін бұл қосымша қолжетімді. Әйелдер үшін TikTok табыс табуға және өз аудиториясын жасайтын алаңға айналған. Алайда елде ерлердің 58 пайызы смартфон қолданса, әйелдердің небәрі 30%-ы ғана қолданады.

TikTok-тағы ашық видеолар мен ЛГБТ тақырыптарына байланысты Пәкістан билігі бұл қосымшаны бірнеше рет жабуға тырысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары